Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда шалғайдағы ауыл тұрғындары екпе алу үшін пойызбен тегін келеді

2021 жылдың 23 тамыз 2021 15:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласына «Сағыз – Атырау» бағытындағы «Дені саудың – жаны сау» деп аталатын әлеуметтік пойызбен Қызылқоға, Мақат аудандарының 45 тұрғыны вакцина алу үшін тегін келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Сағыз стансасынан жолға шыққан әлеуметтік пойыздың вагондарын көріп, жолаушыларға сәттілік тіледі.

«Бұл – шалғай аудандағы ауылдардың тұрғындары үшін ұйымдастырылған әлеуметтік пойыз. Мақсат – тұрғындардың облыс орталығына барып, вакцина алуына қолайлы жағдай жасау», -дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Байғали Досымбаевтың айтуынша, арнайы пойыз шығарып,вакцина алуға мүмкіндік жасау – тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет қадам.

«Бұған дейін қан қысымым көтеріліп, вакцинаны екі рет салдыра алмадым. Кейін бала-шағамыздың денсаулығы үшін отбасымызбен вакцина алдық. Балаларымызға вакцина салдыру қажеттігін үнемі айтып отырамыз. Оның үстіне қазір әлеуметтік желілер арқылы вакцина туралы теріс түсінік қалыптастырып, халықтың екіұдай ойға қалдырып отырғандар бар. Әлеуметтік желідегі мұндай жалған ақпарат таратушыларға шектеу болуы керек», -дейді Байғали Досымбаев.




Облыс орталығына келген тұрғындардың кейбірі вакцинаны алғаш рет салдырса, енді бірі ІІ компонентін ектірді. Соның бірі – Ерік Жұбанов. Қызылқоға ауданының Жантерек

теміржол бекетінде электрші болып жұмыс істейді. Биыл жасы 60-қа толған.

«Көптен бері вакцина салдырудың қамын ойластырып жүр едім. Бірақ, жұмыстан қолым босамады. Енді міне, Атырауға тегін пойызбен баруға болатынын естіп, жолға шықтым.

Отбасымның өзге мүшелері «Спутник V» вакцинасын салдырды. Мен де осы вакцинаны салдыруға шешім қабылдадым. Сақтанған адам ғана сау жүретінін ұмытпағанымыз жөн», - -дейді Ерік Жұбанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың мәліметінше, әлеуметтік пойызда 60 орындық екі вагон бар. Енді бұл пойызбен Құрманғазы ауданындағы шалғай ауылдардың тұрғындарын облыс орталығына жеткізу көзделіп отыр.




«Қазір облыста 59 егу бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 10 жылжымалы бекет бар.

Арнайы әлеуметтік пойызбен келген тұрғындар үшін Атырау қаласындағы теміржол ауруханасы мен №7 Атырау қалалық емханасында екі егу бекеті қызмет көрсетеді»,- деп атап өтті Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада Vero Cell вакцинасын 1,7 мың адам

салдырғанын хабарлаған болатынбыз.





Жоғары қарай