Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда «Сергек» камералары арқылы 550 млн теңге айыппұл салынған

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 01:58

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы 550 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Мәжитовтың мәліметінше, Атырау қаласында былтырғы 10 қыркүйекте «Сергектің» 2 748 камерасы іске қосылған. Оның ішінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін 1 224 камера бар.

Атырауда «Сергек» жүйесіндегі бейнебақылау камералары іске қосылғаннан бері 61 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркеліп отыр. Құқық бұзушыларға салынған айыппұл көлемі 550 млн теңгені құрады. Оның ішінде айыппұлға келіспеуге қатысты 492 өтініш берілді. Өтініштерді зерделеу нәтижесінде 477 хаттаманың күші жойылды» -дейді Руслан Мәжитов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталған еді.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік, Аймақ,
Жоғары қарай