Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 16:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда салынып жатқан 8 қабатты тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өрт сағат 11:55-те тұтанған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласының Сейфуллин көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 3-ші қабатынан түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 8 қабатты тұрғын үй кешеніндегі 3-ші қабатта 30 шаршы метрлік бөлмеде жылу электр құрылғылары мен пластикалық терезенің өртенгені анықталды. Өртті 9 қызметкер 2 техникамен сағат 12:04-те оқшаулап, сағат 12:07-де сөндірді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжамға сәйкес өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өртенген үйден 5 бала құтқарылғанын хабарлап едік.









Жоғары қарай