Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда Сағыз өзеніне 2 адам батып кетті

2020 жылдың 5 шілде 2020 14:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз өзеніне бір күнде 2 адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпара.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 4 шілдеде Сағыз өзенінің Мұқыр селолық округіне қарасты Қарақұдық қыстағы тұсында болған.

«Мұқыр ауылының 1985 және 2005 жылғы 2 тұрғыны Сағыз өзеніне шомылуға барған. Алайда, олар өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, суға кеткен. Бүгін, 5 шілдеде сағат 00:30 шамасында Қызылқоға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар суға кеткендердің денесін тауып, өзеннен шығарды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын сақтамаудан орын алған. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан арнайы жабдықталмаған жерде шомылу оқиғалары жиі қайталанып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батып кеткен жігітті таба алмай жатқанын хабарлаған едік.



Жоғары қарай