Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды

2020 жылдың 25 қараша 2020 02:37

АТЫРАУ. ҚазАұпарат –Атырауда психотроптық препараттарды сатқан үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде «дәріханалық» нашақорлар арасында сұранысқа ие психотроптық дәрілік препараттарды заңсыз сатумен айналысқан үш азаматты ұстады. Олардан пластинка түріндегі 240 «трамадол» мен мен 18 «тропикамид» дәрілері тәркіленді.

«Әсіресе, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолдану, сақтау және пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды. Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны мен өз қызметінде психотроптық заттарды, прекурсорларды қолданатын 20-дан аса мекеме бар. «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде үш емдеу-профилактикалық мекемесі, өз қызметінде психотроптық заттар мен прекурсорларды қолданатын екі мекеме тексерілді», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Жедел іс-шара қорытындысында ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен және 297-бабының 1, 3-бөліктерімен сотқа дейінгі төрт тергеп-тексеру амалы басталды. Төрт әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оған қатысы бар тұлғаларды (оның ішінде 1 медицина қызметкері) жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.


Жоғары қарай