Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Атырауда полиция мектепке «қойылған» бомбаны іздеді

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 19:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды. Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бүгін хабарлағандай, мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмаған.

Заң бойынша жалған ақпарат берген адамның жасы кәмелетке толған болса, оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.



Жоғары қарай