Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда полицей адасқан баланы ата-анасымен табыстырды

2020 жылдың 1 тамыз 2020 04:06

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Индер ауданында полиция қызметкері адасып қалған баланы ата-анасымен табыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция капитаны Алтынай Измұханова Индербор кентінде мектеп жанында жылап жүрген 5-6 жастағы баланы көрген.

«Жылап жүрген баланы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің жанынан байқадым. Қасына таяп барып, не болғанын сұрадым. Аты – Шыңғыс. Үйінен алыстап кетіп, барар жолды таппай қалған екен. Балақайды жұбатып, полиция бөліміне алып келдім. Сонан соң басшыларға хабарладым», -дейді Алтынай Измұханова.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы кішкентай Шыңғыстың ата-анасын, мекенжайын анықтауға жұмылдырылды. Көп ұзамай балақайдың ата-анасының тұрғылықты жері анықталды. Полиция капитаны Алтынай Измұханова Шыңғысты ата-анасымен табыстырды.

Ал, баланы өздері іздеп таба алмаған ата-ана Шыңғысты тауып берген полиция қызметкеріне алғысын айтты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 4 күннен бері із-түзсіз кеткен 15 жастағы бозбала аман-есен табылғанын жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай