Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда отбасында жанжал шығарған 117 адам қамауға алынды

2020 жылдың 15 тамыз 2020 04:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында отбасында жанжал шығарған 117 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласының тұрғындарынан «102» пультіне жыл басынан бері отбасындағы жанжалға байланысты 3546 қоңырау шалынған. Бірақ, тек 265 дерекке қатысты отбасы тыныштығын алғандарға арыз жазылған.

«Отбасында жанжалдасып, әкімшілік құқық бұзған 117 адам қамауға алынды. Олар отбасы мүшелеріне қасақана жеңіл дене жарақатын салып, зиян келтірген», -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай