Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды

2021 жылдың 8 сәуір 2021 20:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 200 пациентке арналған модульді инфекциялық аурухана вирус жұқтырған науқастарға толығымен толды. Бүгін №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационары коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдауды қайта жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 сәуірде таңертең 200 орынға есептелген модульді инфекциялық ауруханада 190 науқас жатты. Түске қарай толығымен пациентке толы болды. Бүгінгі күнде онда 17 адам реанимация бөлімшесінде жатыр, олардың алтауы ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратына қосылған. Олардың жағдайы өте ауыр. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр»,- деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

№2 облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 пациент жатқызылған. Аурухана 180 орынға есептелген, оның 120-сы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға дайындалған.

«Қалған 60 орын түрлі жұқпалы аурулар жұқтырған науқастарға арналған. Жақын арада аурухана толығымен коронавирусқа шалдыққандарға инфекциялық стационар режимінде жұмыс істеуі үшін біз осы пациенттерді басқа медицицналық мекемелерге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді Мағжан Сейітжанов.

Автор: Виктор Сутягин


Жоғары қарай