Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 23:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-бас санитар дәрігердің қаулысына сай қоғамдық тамақтану нысандары сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болды.

«Бұрын мейрамханалар, дәмханалар кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеген еді. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу күшінде қалды. Орындықтар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болса, отыратын орындар саны 30-дан аспауы тиіс. Бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауы керек» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін сақталады. Алайда, азық-түлікті сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек оралған түрде жүргізілуі тиіс.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай