Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мектептерді оқулықтармен қамтуға 1 млрд 257 млн теңге бөлінді

2020 жылдың 13 тамыз 2020 01:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында мектептерді жаңа оқулықтармен қамту үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, оқушылардың сапалы білім алуы үшін оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуге басым бағыт беріліп отыр.

«Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 1 млрд 257 млн теңге бөлінді. Жаңа оқулықтарды сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісімшарт жасалды. Облысқа оқулықтар 10 тамыздан бері жеткізіле бастады. Барлық мектеп 20 тамызға дейін оқулықтармен толық қамтылады. Оқулықтарды тасымалдауға 14 млн теңге қаралды»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Білім, Қаржы,
Жоғары қарай