Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын жасап шығарды

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 16:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысынжасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, тамшылатып суару

қондырғысын жасаған өнертапқыш – Индер ауданының С.Сейфуллин атындағы​ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қажымұқан Мұқанов.

«Тамшылатып суару – суды, сондай-ақ өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық тыңайтқыштарды тамырға тікелей әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс», – дейді өнертапқыш оқушы.

Ол аудандағы оқушылар шығармашылық орталығының «Шебер» үйірмесіне 2017 жылдан бері қатысып келеді.​ Үйірме жетекшісі Өтепқали Нәсіпқалидың айтуынша, Қажымұқан Мұқанов – өте аңғарымпаз бала.

«Біздің үйірмеміз оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында құрылған болатын. Мұнда оқушылар өз қабілетін шыңдап, ойға алған жобаларын іске асырады. Сондай оқушының қатарындағы Қажымұқан Мұқанов аудандық, облыстық сайыстарда бақ сынап, түрлі жүлдеге ие болып жүр», – дейді үйірме жетекшісі Өтепқали Нәсіпқали.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушы өсімдіктен бояу алудың жаңа тәсілін

ұсығанын жазған едік.



Жоғары қарай