Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады

2020 жылдың 29 қараша 2020 12:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақат ауданындағы №76 Л.Шахатов орта мектебінің мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарған. Химиялық қоспасыз жасалған сабындар экологиялық тазалығымен ерекшеленеді.

«Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста хош иісті сабын ретінде қолдануға болады. Сабынды жасау кезіндеа табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі – ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам пайдалана алады. Ал, өнімге қосылатын эфир майы хош иіс береді» дейді Мақат кентіндегі №76 Л.Шахатов орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.




Жас маман биыл аталған мектепке жұмысқа орналасқан. Бірақ, сабын жасаумен айналысқанына бір жылға жуықтаған.

«Химия – өте қызықты сала. Осындай тұрмыста қолдануатын экологиялық таза өнімдер жасауға баулу арқылы оқушыларды аталған салаға қызықтыруға болады. Сабын жасаудың қыр-сырын толық меңгерген соң оны оқушыларыма үйретуге дайынмын» дейді жас маман Марфуға Ағынова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мектеп оқушысы алоэ өсімдігінен сусабын мен йогурт жасап шығарған еді.





Жоғары қарай