Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда күшікті қапқа салып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген

2021 жылдың 22 қараша 2021 13:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда күшікті қапқа салып, Жайық өзеніне лақтырып жіберген. Оқиға тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іnstagram әлеуметтік желісіне жүктелген видеода қапқа салынған күшіктің қыңсылаған дауысы естіледі.



Жергілікті кинолог Мамучар Яшуев қапқа салынған күшікті Жайық өзенінің жағалауынан

тауып алған. Оған бұл туралы жағалаудан өтіп бара жатқан әйел хабар берген.

Жайық жағалауына барған кинолог күшікті судан алып шыққан. Қазір күшікке екпе

салынған.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен (Жануарларға

қатыгездік жасау) дерегімен тергеу жүріп жатыр. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады»,

- деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үш жігіт жанармай бекетінде тұрған көлікті

айдап әкеткенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай