Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда косметикалық клиника тапшы дәрі-дәрмекті заңсыз сатып келген

2020 жылдың 7 шілде 2020 02:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда косметологиялық клиника тапшы дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті полиция және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттерімен бірге өткізген рейд кезінде өмірлік маңызы бар тапшы дәрі-дәрмекті еселенген бағамен сату дерегін анықтаған.

Департамент таратқан мәліметке сәйкес, қаладағы жеке косметологиялық клиникада бірнеше дәрі-дәрмек лицензиялық құжатсыз әрі заңсыз сатылған. Оның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың туыстары таба алмай жүрген азитромицин мен ингавирин секілді қат дәрі-дәрмек болған. Клиникадан 636 орама парацетомол, 1519 дана цефтриаксон, 1000 орама ацетилен қышқылы, 233 ампула лидокаин, 12 орама цитрамон, 3 орама азитромицин, 117 ампула дексаметазон және өзге де дәрі-дәрмектің 5 мыңнан астам данасы табылған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 214-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Атырауда дәрі-дәрмек бағасын көтерген дәріхана лицензиясынан айырылатынын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай