Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Атырауда коронавирустен көз жұмған науқастар туралы айтылды

2020 жылдың 4 маусым 2020 01:16

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирустен екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустен тағы 4 адам көз жұмғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Оның ішінде 2 жағдай Атырау облысында тіркелді.

COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, қайтыс болған екі науқас та –Атырау облысының тұрғындары.

«Оның бірі –Теңіз кенішінің 56 жастағы жұмысшысы, ал екіншісі –69 жастағы зейнеткер. Қазір COVID-19 инфекциясы салдарынан қайтыс болған науқастардың өлім жағдайын талдау мақсатында құрылған комиссия клиникалық тексеріс жүргізуде. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деп мәлім етті ведомствоаралық комиссиядан.

Айта кетейік, бұл, Атырау өңірінде коронавирустен тіркелген алғашқы өлім жағдайлары. Облыста инфекцияны жұқтырудың жалпы 1140 жағдайы тіркелді. Жазылды 532 адам.

Ал ел бойынша анықталған оқиғалардың жалпы саны - 11 796. Жазылып шықты – 6240, қайтыс болды - 48 науқас.


Жоғары қарай