Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 12:48

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталған.

Науқастардың басым көпшілігі Теңіз кенішінің жұмысшылары болып отыр. Мұнда 61 жұмысшы ауырған.

Ал, Атырау қаласынан 6 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында - 2, Жылыойда - 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

Коронавирустың симптомды түрі 15 науқастан анықталған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 71 адам емделіп шықты. Қазір үй жағдайында 397 адам емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда - 82, аудандардағы стационарларда - 30 пациент емделіп жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі стационарға оқшауланған науқастар саны 809 адамды құрап отыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейгенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай