Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда коронавирус жұқтырғандар скрининг барысында анықталған

2020 жылдың 28 маусым 2020 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында бір тәуліктің ішінде коронвирус инфекциясының симптомы бар 22 науқас тіркелді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау қаласының 11, Индер ауданының 6 және Махамбет ауданының 3 тұрғынының вирус жұқтырғаны нақтылады. Исатай мен Құрманғазы аудандарында да бір бірден жағдай тіркелді. Олардың барлығы да скрининг барысында анықталып отыр. Қазіргі уақытта науқастардың барлық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізіліп жатыр. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Олардың барлығы медициналық қадағалауға алынады. Ауру ошақтарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 маусымда елімізде коронавирус инфекцияның жаңа 461 жағдайы тіркелді. Өсім 2,3 пайызды құрап отыр. Ал Атырау облысында 1 606 адам вриус жұқтырса, соның 1 332-сі жазылып шықты.


Жоғары қарай