Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңнан асуы мүмкін

2020 жылдың 17 мамыр 2020 22:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны 2 мыңнан асуы мүмкін. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қазіргі эпидемиологиялық ахуалды саралаған болжамына қарағанда, 31 мамырға дейін өңірде дәл осындай дерек тіркелуі мүмкін.

Оның айтуынша, Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың өрбуі туралы бірнеше нұсқа дайындаған. Тұрғындар өзін-өзі оқшаулап, санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтайтын болса, мамырдың аяғына дейін қауіпті індетті жұқтыратындар 800-ден аспайды.

«Карантин талабы бұзылатын болса, індетті жұқтырушылар саны жедел өсіп, 31 мамырда 2 мыңнан асуы мүмкін. Сол себептен, шектеу шараларын біртіндеп алуға мәжбүрміз», -дейді Темірбек Мұсағалиев.


Жоғары қарай