Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда көлік жүргізушісіне екі күнде 782 мың теңге айыппұл салынды

2019 жылдың 31 шілде 2019 20:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғары жылдамдықпен жүруге құмар жүргізуші екі күнде 782 мың теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін Атырау қаласы патрульдік қызметінің қызметкерлері желікпе жүргізушіні қолға түсірді. Ресейлік мемлекеттік нөмір тағылған «Priora» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі «Кордон-М» стационарлы жылдамдық өлшеуіш құралына түсіп қалған. Белгілі болғандай, бұл оның жылдамдықты асыруының 43-ші дерегі. «Ақылды» техника оның жол ережесін бұзу фактілерін соңғы екі ай бойы түсіріп тұрған. Жедел басқару орталығына хабар келіп түскеннен кейін, видеобақылау жүйесінің операторлары қаладағы көлік ағыны арасынан автокөлікті тауып, оған жақын маңдағы патруль жіберілді. Полицейлер айыппұлдардың жалпы сомасын шығарды - 782 750 теңге. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, айыппұлдарды төлеудің жеңілдетілген әдісі түсіндірілді. Яғни, қарызды бір аптаның көлемінде төлеген жағдайда 50 пайыз жеңілдік жасалады» , - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

Басты сөздер: Аймақ, Қоғам, Атырау облысы,
Жоғары қарай