Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда көлік аударылып, төрт адам қаза тапты

2020 жылдың 16 шілде 2020 13:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –«Атырау-Орал» тас жолында «Toyota Camry» көлігі аударылып, оқиға орнында екі адам мерт болды, ауруханаға жеткізілген екі жолаушы да ажалдан аман алып қала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты бүгін, 16 шілдеде сағат 00:30 шамасында «Атырау-Орал» тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде болған.

«1999 жылы туған азамат рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты. Көлік жүргізушісі мен бір жолаушы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Қазіргі кезде тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», -деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Атырау облысы,
Жоғары қарай