Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс беру аппаратын сыйлады

2020 жылдың 1 шілде 2020 01:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәсіпкерлер 2 өкпені жасанды желдету аппаратын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған дейін облыста өкпені жасанды желдететін 111 аппарат болған. Енді кәсіпкерлердің демеушілігімен облыстық ауруханаға коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде қолданылатын осындай 2 аппарат алынған.

«Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Билік ақ халатты абзал жандарға барынша жағдай жасауда. Дегенмен, бәріміз бір мезетте жұмылып күрессек, бұл індеттен арылудың ауылы алыс емес деп білемін. Бірер күн бұрын облыстағы ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерімізді осы індетпен жұмылып күресуге шақырған едім. Іле-шала қолдау білдіруші кәсіпорындар табылды. Оларға алғыс білдіреміз. Осындай қиын кезеңде бір-бірімізге демеу болсақ, бұл індетті де бірге жеңеміз», - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылатынын хабарлап едік.


Жоғары қарай