Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда карантин енгізілгелі алғаш рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 22:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алғашқы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәрмеңкеге 26 шаруа қожалығы мен жергілікті тауар өндірушілер қатысқан. Қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан төмен бағамен сүт, көкөніс, ет өнімдері ұсынылды.

«Азық-түлік жәрмеңкесінде 2,3 тонна картоп, 1,4 тонна сәбіз, 1,52 тонна пияз, 900 килограмм қырыққабат, 400 килограмм ет, 350 литр сүт және басқа да өнімдер сатылды» деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге келушілерге 500 тегін маска таратылған.

Жоғары қарай