Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратылды

2021 жылдың 1 қаңтар 2021 10:22

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы волентерлер штабы «Шын жүректен» акциясы өткізіп, ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара аясында атыраулық балақайларға 7 мың дана сыйлық дайындалды.

Волентерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акцияға облысы әкімдігі қолдау білдірген. Балаларға арналып дайындалған сыйлықтар аудандық әкімдіктер мен мектеп әкімшіліктері арқылы таратыла бастады.

Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен және демеушілердің көмегімен сондай балалардың отбасындағы барлық балаға сыйлық беру ұйғарылды. Осы мақсатта 7 мыңнан астам сыйлық үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Жаңа жылға дейін қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлауды көздедік», -дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларды оңалту орталығы ашылған болатын.








Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Жоғары қарай