Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда емханаға келушілердің қызуын робот тексереді

2020 жылдың 23 қазан 2020 20:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау №4 қалалық емханағы келушілердің қызуын робот тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, бұдан былай емханаға келушілерді медицина қызметкері емес, робот құрылғысы қарсы алады. Ол келушілердің дене қызуын тексереді. Медициналық масканы дұрыс тақпаған адамға ескерту жасайды.

«Дене қызуын өлшейтін робот құрылғы еліміз бойынша алғаш рет пилоттық жүйе ретінде Атырау облысында іске қосылып отыр. Бұрын әлемдік тәжірибеде сыналған робот құрылғының тиімді тұстары көп. Медицина қызметкері уақытын үнемдейді әрі науқастармен байланыс жасаған кезде ара-қашықтықты сақтайды. Емхана қызметкері енді робот көрсеткен мониторды ғана бақылап отырады. Өйткені, «ақылды» техника ғимаратқа дене қызуымен келген науқасты бірден анықтайды. Монитор бетіне сол адамның суретін көрсетіп, қызыл түспен ерекшелейді. Ал маскасыз немесе оны дұрыс тақпаған күйі ішке енсе, оның суретін сары түске бояп, дабыл қағады. Дауыстап ескерту жасайды», - дейді Атырау қалалық №4 емханасының бас дәрігері Меруерт Өтеғалиева.


Жоғары қарай