Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда емханадан өрт шығып 45 адам эвакуацияланды

2021 жылдың 26 қараша 2021 18:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда емханадан өрт шығып, 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, емхана бүгін, 26 қарашада өртенген.

«Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне сағат 12:34-те Атырау қаласының «Алмагүл» шағын ауданындағы №7 емхананың ғимаратында түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер емхананың 3-қабатындағы

терапия бөлімі меңгерушісінің кабинетінде дербес компьютердің жанғанын анықтады.

Емхана ғимаратынан 45 адам, оның 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 12:45-те ауыздықталып, сағат 12:49-да толық жойылды. Өртті сөндіруге департаменттің 20 қызметкері мен 6 техникасы, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жеке сектордағы өрт екі есе көбейгенін

хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай