Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты өзгерді

2020 жылдың 5 шілде 2020 20:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, азық-түлік дүкендерінің, атап айтқанда, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын ашық аспан астындағы базарлар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді» деп хабарлады өңірлік жедел штаб.

Сондай-ақ, дәріханалардың уақытша жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін деп белгіленген. Бұл ретте жақсартылған санитарлық және дезинфекциялық режим қатаң сақталуы тиіс.

Бұдан бұрын Атырауда 5-6 шілдеде жеке көлікпен жүруге тыйым салынған болатын.


Жоғары қарай