Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда дәріханалар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болды

2020 жылдың 9 шілде 2020 01:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб тұрғындар ұсынысын ескерусіз қалдырмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкім Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, өңірлік жедел штабқа 3 тәулік ішінде көптеген ұсыныс пен сұрақ түскен.

«Штабқа түскен сауалдарға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері кешкі сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмысына тыйым салынды. Тұрғын үйлер маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін жазған едік.



Жоғары қарай