Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда дәрі-дәрмек бойынша тұрақтандыру қоры құрылды

2020 жылдың 31 шілде 2020 06:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, тұрақтандыру қоры дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 4 миллион 800 мың теңгеге сатып алған. Бұл мақсатқа 500 миллион теңге бөлінген. Соңғы екі аптада 100 тонна дәрілік препарат әкелінген. Облыс әкімдігінің қолдауымен препараттарды аудандарға жедел жеткізу мәселесі шешілді.

Алдағы екі күнде тағы 40 тонна дәрілік затты келеді деп жоспарланып отыр. «Атырау» ӘКК және дистрибьютор компания 40 түрлі дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорын құру туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, «СҚ-Фармация» қоймасынан дәрілік заттар апта сайын үздіксіз жеткізілмек.

«Атырау облысының әкімдігі және «Атырау» ӘКК бірлесіп, тұрақтандыру қорын құрды. Оған жыл соңына дейін 4 миллион 800 мың орама дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді. Дәрінің 900 мың орамасы - төмендетілмейтін қалдық. Бүгінгі таңда өңірдегі қоймаларға 240 миллион теңгеге 688 мың орама жеткізілді. Алғашқы жеткізілімді ТШО компаниясының ұшағы әкелді. Оның 50 миллион теңгелік дәрі-дәрмегі мен медициналық өнімі Индер, Жылыой аудандарына жіберілді. Енді Құрманғазы ауданына да жөнелтілмек. Ал, қалған аудандар дәрі-дәрмекпен жақын арада қамтамасыз етіледі», - деді «Атырау» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Таханов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы індеттен жазылып кеткен болатын.


Жоғары қарай