Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Атырауда COVID-19 індетінің алдын алу жұмыстары күшейтілді

2020 жылдың 13 наурыз 2020 21:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда COVID-19 індетінің алдын алу жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу үшін Атырау облысындағы медициналық ұйымдар эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды жүзеге асыруға толықтай дайын.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов мәлім етті.

«Қазір Атырау облысында коронавирус жұқтыру дерегі жоқ. Дегенмен, коронавирус жұқпасы тіркелген жағдайда облыстағы медициналық мекемелер тиісті шаралар қолдануға дайын. Облыстағы дәріханалар мен ауруханалар медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұға қоса, 12 ИВЛ аппараты мен 100 орындық оқшауланған ғимарат жасақталды» - деді Байтолла Ғазизов.



Жоғары қарай