Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда чемпиондар жанкүйерлерімен кездесті

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 15:46

АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Тәуелсіздік мерекесіне орай бокстан екі дүркін әлем чемпионы Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов атыраулық жанкүйерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізген чемпиондар, кездесу барысында өздерінің үлкен спортқа қалай келгендіктері туралы баяндады. «Біз алдымызға мақсат қоя білдік. Боксқа әуестігім 12 жасымда басталды. Маған ағам үлгі болатын. Талмай еңбектенудің арқасында, осындай жетістіктерге жеттік деп ойлаймын», - деді, Мадияр Әшкеев. Ал, Мейірім Нұрсұлтанов өз кезегінде жас спортшыларға әрбір істі соңына дейін жеткізе білу керек деген кеңес айтты. Айта кетейік, спортшылар соңғы жарыстарында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин жекпе-жегінің андеркартында атыраулық боксшылар мінсіз өнер көрсете білді. Осыған дейін Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокста 14 рет жеңіске жеткен. Оның 7-уін нокаутпен ұтқан. Мейірім Нұрсұлтановта кәсіпқой рингтегі 13 жекпе-жегінде де жеңіске жетіп, 8 жекпе-жекті мерзімнен бұрын аяқтаған. Сонымен қатар, екі спортшы да Америка құрлығының WBC нұсқасы бойынша чемпион.













Жоғары қарай