Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бюджет қаражатын жымқырған кәсіпорын қызметкері сотталды

2020 жылдың 22 шілде 2020 15:14

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары 4,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комитеттің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР ҚК-нің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

Аталмыш тұлға өз қызметтік бабын пайдаланып, «Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның оқу ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 4,7 млн.теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен дәлелденіп, келтірілген шығын соммасы Атырау облысының Сот сараптамасы институтымен расталды.

Индер аудандық сотының үкімімен кәсіпорын директорының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Егер Сізде бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсау, жымқыру деректері туралы ақпарат болған жағдайда, Комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша ЭТД – 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары арқылы хабарласыңыз.


Жоғары қарай