Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Атырауда бұрынғы химия зауытындағы өрт сөндірілді

2020 жылдың 21 ақпан 2020 18:52

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда химзауыттағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт жұмыс істемейтін химиялық зауыттың екі қабатты ғимаратынан шыққан. Кейін бұл жерден «Маңғыстау индустриялық паркі» ЖШС-ға тиесілі полиэтилен пакеттер өндіретін цех ашылған. Өрт 350 шаршы метр аумақты шарпыған, онда целлофан қалдықтары жанған. Ғимараттың жалпы аумағы - 6 мың шаршы метр. Оқиға орнына екі өрт сөндіру қызметі жетті. Өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , Атырауда бұрын полимерлер шығарылған зауыт аумағында өрт шықты. Қазір мұнда химиялық өнімдер шығарылмайды. Бірақ, зауыт аумағында бірнеше өндіріс жұмыс істеп жатыр.


Жоғары қарай