Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда булану алаңында күкіртсутегі нормадан асып кетті

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 21:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Тухлая балка» буландыру су қоймасында күкіртсутегі ингредиенті шекті рұқсат етілген нормадан асқаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің алғашқы күндерінде жағымсыз иістің жиілеп кетуіне байланысты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның басшылығына ауаға мониторинг жүргізу ұсынылған.

«Осыған байланысты 17 қыркүйекке қараған түнде Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын зерттеу мақсатында «АМӨЗ» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «Тухлая балка» булану алаңының санитарлық-қорғау аумағынан тыс жерлерден ауадан сынама алынды. Сынамаларды алу барысын облыстық экология департаменті, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «АМӨЗ» ЖШС, «Қазгидромет» РМК-ның өңірлік филиалы мен экология белсенділері, сондай-ақ, өзге де зертханалық талдау жүргізетін мекемелердің өкілдері бақылады. Иістің шығатын уақыты түнгі және таңғы мезгіл болғандықтан, бақылау түнгі сағат 2:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде «Тухлая балка» су булану алаңында күкіртсутегі ингредиентінің шекті рұқсат етілген нормадан асу дерегі тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Енді департамент мамандары «АМӨЗ» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Сол кезде күкіртсутегі ингредиентінің нормадан асқаны ескерілмек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан түтін шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Экология, Атырау облысы,
Жоғары қарай