Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бүгін дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілді

2020 жылдың 10 тамыз 2020 19:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда бүгін дүниеге келген ұлға ата-анасы Абай есімін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, сәби Абай бүгін, 10 тамызда таңғы сағат 6.40-та жарық дүние есігін ашқан. Салмағы – 3 келі, 565 грамм, ал, бойы – 53 сантиметр.

«Отағасымен ақылдасып, қазақтың ұлы ақынының даналығын, ақыл-ойын берсін деген ниетпен төртінші перзентіміздің есімін Абай деп атауды ұйғардық. Оның үстіне дәрігерлер 15 тамызда босанасың деген еді. Бірақ, сәбиіміз бүгін, 10 тамызда Абай күні аталып өтетін таңда өмірге келіп, есімін өзі таңдап алғандай болды. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар», - дейді 37 жастағы анасы Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, 10 тамыз –Абай күні орталықта 5 ұл, 5 қыз дүниеге келген.

«Сәбилердің мұндай ерекше адамдардың мерейтойымен тұспа-тұс дүниеге келуі – ерекше оқиға. Бұл балалардың болашағына жақсы әсер етеді деп ойлаймын» дейді Нұрлан Жұбанышев.





Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, #Аbai175,
Жоғары қарай