Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір түнде ұсталған 9 мас жүргізуші қамауға алынды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 05:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір түнде ұсталған 9 мас жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, бір түнде көлікті мас күйде басқарған 9 мас жүргізуші ұсталған.

«Мәселен, 25 қыркүйекте сағат 04:10 шамасында Атырау қаласындағы Владимирский көшесінде «Cadillac Escalade» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде рульде отырған 1983 жылғы жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежеде мас екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бір түнде ұсталған 9 жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылған. Барлығы да 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда жыл басынан бері 400-ден астам мас жүргізуші ұсталғанын жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Аймақ, Көлік, Жол, Атырау облысы,
Жоғары қарай