Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Атырауда бір түнде 4 шетелдік төтенше жағдай режимін бұзған

2020 жылдың 10 сәуір 2020 16:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда төтенше жағдай режимін бұзып, түнде мақсатсыз жүргендер арасында шетелдік азаматтар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырауда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 269 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 10 адам төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер жасаған. Ал, 211 адам төтенше жағдай режимін бұзған. Сот қаулысымен 88 адамға қатысты әкімшілік айыппұл салынып, 89 азамат қамауға алынды.

«Атырау қаласында 10 сәуірге қараған түні көшеде жүргені үшін 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың төртеуі –шетел азаматы. Соның бірі Атырауда уақытша тұратын Түркия азаматы сағат 23:30-да медициналық маскасыз жүрген. Сағат 00:20-да Түркияның тағы бір азаматының көшеде себепсіз жүргені анықталды. Карантин режимін бұзғандардың арасында Өзбекстан Республикасының екі азаматы да бар. Құқық бұзғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-бөлігімен толтырылған хаттама материалдары сотқа жолданды», -деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, төтенше жағдай талаптарын бұзу фактілерімен 40-тан астам субъект жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында 6 кафе, 10 азық-түлік емес дүкен, 9 асхана, 3 букмекерлік кеңсе, 1 фотосалон, 2 компьютер клубы, 1 шаштараз, 1 сауна, 2 көлік жуу орны бар.


Жоғары қарай