Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір топ азаматқа мерекелік медаль табысталды

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 06:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір топ азамат «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдан 25 жыл бұрын этносаралық қатынасты үйлесімді ету үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея конституциялық мәртебеге ие болды. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі этностар өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыратын құрылым. Осындай мықты институттың арқасында Қазақстан – бейбітшіліктің бесігі, ырыс пен ынтымақтың мекеніне айналды», деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкім ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Атырау облысының бір топ азаматтарына «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалін табыстады. Наградталғандардың арасында қоғамдық ұйымдар мен партиялардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері бар.

Жоғары қарай