Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда бір аптада айып тұрағына 270 борышкердің автокөлігі қойылды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 08:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптада айып тұрағына 270 борышкердің автокөлігі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасына 250 полицей мен жеке сот орындаушылары қатысты. Шараның мақсаты – ішкі істер органдары салған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру. Жұмыс нәтижесі: бір аптада 20 млн доллардан аса қаражат өндірілді. 270-ке жуық борышкер-жүргізушілердің көлігі айыптұраққа жіберілді, олардың 140-ы «Автоуроган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталды. Айып тұрағына жіберілген 170 автокөлік Ресей Федерациясында, 70-тен астамы – Армения Республикасында тіркелген», - деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметі бойынша, ЖБО бақылау камералары анықтаған, жол ережесін бұзған тағы 1100 азаматқа жалпы сомасы 9 миллион теңге болатын айыппұл салынды.


Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай