Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір аптада 325 құқық бұзушылық анықталды

2020 жылдың 20 қараша 2020 04:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында учаскелік полиция инспекторлары бір аптада 325 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсақ бұзақылыққа қатысты 81, қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 65 адам, тыныштықты бұзған 53 адам анықталған.

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 200-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) 2 әкімшілік құқық бұзушылық, 505-бабымен (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) – 26, 441-бабымен (Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электронды жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) – 7, 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жою қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) – 7, 204-бабымен (Белгіленбеген орындарда сауда жасау) – 6, 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) 39 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынасқа қатысты 39 дерек анықталып, 81 рет ұсақ бұзақылық жасалған. Қоғамдық орындарға 65 адам масаң күйде келген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түнімен көше кезген 131 жасөспірім ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай