Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Атырауда білім басқармасының бұрынғы басшылары 58,5 млн теңгені қайтарды

2020 жылдың 30 мамыр 2020 05:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау білім беру басқармасының бұрынғы басшылары келтірілген шығынның 58 млн 512 мың теңгесін мемлекетке қайтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Қожахметовтің хабарлауынша, 2018-2019 жылдары білім беру саласында жемқорлық қылмыспен байланысты 68 дерек тіркелген.

«Білім беру басқармасының бұрынғы басшылары бюджетке келтірілген 110 млн теңге шығынның 58 млн 512 мың теңгесін өтеді. Сот үкімімен мемлекет пайдасына құны 11 млн теңге тұратын «Toyota Land Cruser Prado» автокөлігі мен 2,5 млн теңгеге бағаланған «Hyundai Super Aero» шағын автобусы, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің есепшотында сақталған 4 млн теңге қайтарылды», - деді Қанат Қожахметов.

Оның айтуынша, Құрманғазы ауданындағы Ы.Алтынсарин, Н.Манаев атындағы және Нұржау орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын бүркемелеу үшін БАҚ өкілдеріне 1,1 млн теңге заңсыз берілген.


Жоғары қарай