Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бекірені заңсыз аулаған браконьерлер 226 млн теңге айыппұл төлейді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 11:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі қала тұрғынының үстінен қозғалған сот процесі аяқталды. Олар Каспий теңізінен бекіре тұқымдас жүзге жуық балықты заңсыз аулады деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1987 және 1988 жылы туған екі Атырау тұрғыны өткен жылы қыркүйекте 260 келіден астам 92 бекіре тұқымдас балық аулаған. Олардың қайығынан 34 келі бекіре тұқымдас 39 балық пен 300 метр ау табылды. Сот айыпталушыларды шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, 226,7 млн теңге айыппұл салды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, қалалық сот өткен жылы қыркүйекте браконьерлікпен айналысқан екі айыпталушыдан ешқайда кетпеу туралы қолхат алған болатын. Сот олардың бұдан бұрын жазаға тартылмағанын алға тартты. Алайда, прокуратура қалалық соттың мұндай шешіміне қарсылық білдіріп, екі айыпталушы да уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.



Жоғары қарай