Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Атырауда балық аулау маусымы басталды

2019 жылдың 15 наурыз 2019 17:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балық аулау жұмыстарына бірінші болып «Амангелді» ЖШС кәсіпорнының бригадасы шықты.

Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы (балық инспекциясы) жетекшісінің орынбасары Арман Молдашевтың айтуынша, осы ЖШС балықшылары өзеннің төменгі жағында «Золотенок» және «Төменгі Дамбадағы» екі бағытта балық аулай алады. Үш күн бойы (12 наурыздан 14 наурызға дейін) «Амангелді» ЖШС балықшылары белгілі бір түрдегі 12 тоннадан астам балықты ұстады: «Золотенок» учаскесінде 5,426 келі, «Төменгі Дамба» учаскесінде - 7,153 келі.

Негізінен, ауланған балықтардың арасынан қаракөз, сазан, табан, жайын, және қылышбалықтардың бар екені байқалады.

Жоғары қарай