Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда балкондағы өрттен екі әйел құтқарылды

2020 жылдың 22 қазан 2020 02:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үй балконындағы өрттен екі әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 20 қазан сағат 18:04 кезінде болған.

«Атырау қаласының іргесіндегі Геолог кентінде 2 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы балконы өртке оранған. Өртті сөндіруге департаменттің 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Балконда көлік тегершіктері мен ағаштың қалдығы өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің 2-ші қабатынан 2 әйелді құтқарды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызыл жалын сағат 18:22-де толықтай сөндірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай