Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда азаматтық форум өтті

2020 жылдың 21 қараша 2020 04:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудағы Абай орталығында «Қоғам және мемлекет: ынтымақтастық пен дамудың 30 жылы» атауымен өңірлік азаматтық форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумда экология, ішкі туризм, азаматтардың құқықтары мен қазақ мәдениетінің құндылықтары кеңінен қамтылды. Аталған мәселелерге байланысты 50 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдеріне «Таң», «Ақпарат», «Адамгершілік» қоғамдық қорлары және «Елсана» руханият клубының жетекшілері Шынар Ізтілеуова, Гүлжан Елешова, Салтанат Рахимова мен Нұржан Ермұханов сараптамалық диалог алаңын өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, ҮЕҰ өкілдері – Үкімет пен қоғамды байланыстыратын алтынкөпір болуы керек.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты орнату үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән берілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың басшылары үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен тұрақты кездесулер өткізілуде. Бүгінгі форумға қоғамдық ұйымдардың үздік әлеуметтік маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау көрсету мақсатында шетелдік және отандық кәсіпорындар қатысып отыр», -деді Бақытгүл Хаменова.





Үкіметтік емес ұйымдар арасында қоғамға пайдалы іс атқарып жүргені бар. Мәселен, «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі ерекше балаларға арналған инклюзивті қолдау сыныбын ашып, олардың білім алуына жол ашып отыр. Ал, «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігі зағип жандарды бір орталыққа жинап, «Жартылай фабрикатталған өнімдер» цехын ашқан. Цехта 20 адамды жұмыспен қамтылған. «Мен бармын!» қоғамдық қоры Даун синдромы бар балаларға би үйретеді. «Айналайын баладан» қоғамдық қоры Мақат кентінде 20 баланы кәсіптің қыр-сырына үйрету тегін дәріс өткізуде.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова 6 ҮЕҰ өкіліне «Халық алғысы» медалін табыстады. Сондай-ақ, 14 ҮЕҰ өкілі облыс әкімінің Алғыс хатын иеленді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездескенін жазған едік.











Жоғары қарай