Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда автобус жүргізушілері екі күнде 199 рет ереже бұзған

2021 жылдың 9 маусым 2021 22:58

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі күнде автобус жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережесін 199 рет бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 маусымнан бері «Автобус» іс-шарасы өтіп жатыр.

«Бұл іс-шараның мақсаты – облыс аумағында жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау. Өйткені, жолда жүру ережесін сақтамай, жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін жүргізушілер бар», - дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Полиция қызметкерлері екі күнде 299 бұзушылықты тіркеген. Оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын, маневр жасау ережелерін бұзу, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау, техникалық байқаудан өтпеу, рульде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану, жылдамдықты арттыру тәртібін бұзу анықталған. Үш автобус айып тұрағына қойылып, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет ереже бұзғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік, Заң,
Жоғары қарай