Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда ауа райына байланысты оқушылар мектепке бармайды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 06:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауа райының қолайсыздығына байланысты кезекші сынып оқушылары онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 23 ақпанда екінші ауысымдағы 1-5 сыныптардың оқушылары үшін офлайн сабақ онлайн форматқа ауыстырылған еді.

Мұндай форматтағы оқу кеше, 24 ақпанда да жалғасты.

Ал бүгін, 25 ақпанда кезекші сыныптардағы офлайн сабақ онлайн форматқа ауыстырылып отыр.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Ертең Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде қатты қар жауады, тек батысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Жоғары қарай