Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Ассамблея жастары мүгедектерге 2 тонна көкөніс алып берді

2020 жылдың 30 қазан 2020 09:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Мөлдір көз» соқырлар қоғамына екі тонна көкөніс өнімдерін алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі, Атырау қалалық мәслихат депутаты Тамила Розметова айтуынша, мұндай қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады.

«Біз тек көкөніс өнімдерімен ғана емес, сондай-ақ, мұқтаж жандарды табиғи таза ешкі сүтімен, одан жасалатын тағам түрлерімен қамтамасыз етуді қолға аламыз. Аптасына бір рет осындай көмек көрсетеміз. Біздің еріктілеріміз әр мұқтаж жанға қажетті өнімдерді мекенжайына жеткізіп береді», - дейді Тамила Розметова.

Атырау облыстық соқырлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, І топ мүгедегі Жұмабай Әбуғалиев мүмкіндігі шектеулі жандарға мұндай қолдаудың қажеттігін алға тартады.

«Былтыр зағип жандардың «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігін ашқан едім. «Мөлдір көзде» 127 мүгедек тіркелген. Оның бірінші топқа жататын 67 мүгедек бар. Сондай-ақ, 12 адам жеңіл тамақ өнеркәсібімен айналысады. Қамқорлық айында «Жаңғыру жолының» жастары көмек беріп отыр. Біз 59 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы аламыз. Бұл көп нәрсеге жете бермейді. Сондықтан осындай қайырымдылық көмектің мәні зор», - дейді Жұмабай Әбіғалиев.


Жоғары қарай