Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда Армениядан әкелінген көлік жолда өртеніп кетті

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 17:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Армениядан әкелінген көлік жолда өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 30 қыркүйекте сағат 12:40 шамасында болған.

«Атырау қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында Армения Республикасынан әкелінген «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі жолда келе жатып, тоқтың иісін сезген. Жол жиегіне тоқтап, иістің неден шыққанын тексерген кезде көлік өздігінен өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір көліктің өртену себебі тексеріліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір қабатты ғимараттағы супермаркет пен асхана өртенгенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай