Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Атырауда 8 адам халықаралық деңгейдегі иппотерапия маманы атанды

2019 жылдың 26 қазан 2019 12:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мұнай компанияларының бірінің қолдауымен Атырау кіші өндірістер қорының сегіз маманы Грузиядан келген сертификатталған халықаралық сарапшылардың «Иппотерапия» тақырыбындағы арнайы курсынан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар иппотерапияның (атқа мінгізу арқылы емдеу) кең спектрлі ауруларға шалдыққан балаларды дамыту мен оңалтудың ерекше әдістерінің бірі екенін мойындап отыр. Аттар мүмкіндігі шектеулі балаларға, сүйек-бұлшық ет жүйесінде ақауы бар, сондай-ақ, психикалық дерті бар балаларға оң әсер етеді. Иппотерапияның балалар мен үлкендер үшін осындай оң әсерін есепке алған мұнай компаниясы «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің бастамасына қолдау білдірген. Сөйтіп Грузиядан халықаралық жоғары санатты сарапшыларды шақыра отырып, сегіз маманның оқуын қаржыландырды.

Дәрісті өткізгендер:

- Хатуна Зауровна Саганелидзе - медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Нью Вижен» университетінің медицина факультетінің деканы, Халықаралық иппотерапия мектебінің президенті, Грузия иппотерапия федерациясының вице-президенті. «Раидмед» оңалту орталығының директоры. Грузия Денсаулық сақтау министрлігінің оңалту жөніндегі сарапшысы;

- Лана Бокучава - медицина ғылымдарының доктор, профессор ассистенті, Тбилиси медициналық университетінің «Анатомия және физиология» кафедрасының меңгерушісі;




«Біз неге грузин сарапшыларын шақырдық? Өйткені, Грузия - иппотерапияны медицинаның бір саласы ретінде мемлекет деңгейінде мойындаған алғашқы мемлекет. Біз иппотерапияның пайдасы туралы көп ақпаратқа қанықтық. Біздің жақсы тәжірибелік базамыз бар. Қазіргі таңда дүниежүзінде иппотерапияға деген сұраныс жоғары», - дейді «Атырау. Маленькая Страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев.

Дәріске тыңдаушылар Мақат, Құрманғазы аудандарынан және Атырау қаласынан келіп қатысты. Үш аптаға созылған оқу барысында сарапшылар иппотерапиядағы ерекше оңалту процедураларының құпияларын бөлісті.

Жоғары қарай